Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымы кәсіби мерекесімен құттықтады

жұма,  16  Июнь  2017

Ертеден бері тек кәсіби ғана емес, бүкіл халықтық мереке болып келе жатқан Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Ұлттық нейрохирургия орталығының медицина қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттары мен орталық басшылығынан құттықтауларын алды.
«Еңбек ардагері» төс белгісімен – физиотерапевт дәрігер Фаризат Кайржанова, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен - нейрохирург дәрігер Данияр Тельтаев пен анестезист мейіргер Роза Жаксимбекова, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен - анестезиолог-реаниматолог дәрігер Марс Нурдинов пен аға мейіргер Салтанат Келдыгалиева марапатталды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы ЕДШ дәрігері Наталья Борисюкке, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаты Трансфузиология бөлімшесі меңгерушісінің м.а. Ербол Куанышев пен аға мейіргер Олеся Пухнерге берілді.
Ұлттық нейрохирургия орталығының дамуына жеке қосқан үлесі үшін, бастамашылығымен, еңбек міндеттерін мүлтіксіз және адал орындағаны үшін «ҰНО» АҚ Басқарма Төрағасының құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, сондай-ақ естелік сыйлықтарымен орталықтың 12 үздік қызметкері марапатталды.
Ұлттық нейрохирургия орталығы медицинаға қатысы бар барлық адамдарды кәсіби мерекесімен құтттықтайды! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз үшін, дарыныңыз бен шеберліктеріңіз, өз кәсібіңізге деген адалдығыңызға, адамдарға деген қамқорлығыңыз бен мейірімдеріңізге алғыс айтамыз. Сіздерге, сіздердің туыстарыңыз бен жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт пен бастарына амандық, игі істеріңізге табыс тілейміз!


тiзiмге қайтару