Ұлттық нейрохирургия орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайының қатысушыларымен кездесу өтті

сенбі,  24  Июнь  2017

Ұлттық нейрохирургия орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайының қатысушыларымен кездесу өтті. Орталыққа 15 аса елдің өкілдері келді. Кездесудің қатысушыларына отандық клиникалардың мүмкіндіктері таныстырылды. Оның ішінде, Орталық Азияда нейрохирургиялық қызметтерді көрсетуде көшбасшылардың бірі болып келетін - Ұлттық нейрохирургия орталығы. Қонақтар орталықтың жұмысына қызығушылық танытып, орталық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесі мен анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесін барып көрді.


тiзiмге қайтару