Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығының басшысы, академик Серік Қуандықұлы Ақшолақов 65 жасқа толды

дүйсенбі,  3  Июль  2017

Бүгін нейрохирургия саласына 40 жыл еңбек сіңірген адам мерейтойын атап өтуде. Бірақ ең басты жетістік- құтқарып қалған мыңдаған адамдардың өмірі мен пациенттердің алғысы. Атақты қазақстандық нейрохирург, Ұлттық нейрохирургия орталығының басшысы, академик Серік Қуандықұлы Ақшолақов 65 жасқа толды.
Серік Ақшолақов миға өте күрделі операциялар жасайды. Нейрохирург күн сайын осындай операциялардың бірнешеуін жасайды. Серік Қуандықұлы өзінің еңбек жолы кезінде 5 мыңнан аса нейрохирургиялық араласу өткізді.
Орталық ұжымы Серік Қуандықұлын мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық пен мол бақыт тілейді! Сіздің шебер қолыңыз таңқаларлық істерді жасай берсін, Сіздің барлық пациенттеріңіз денсаулығы мықты және бақытты болсын!



тiзiмге қайтару