«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ ағымдағы жылғы шілденің 17-і мен 21-і аралығында орталықтың базасында «Жедел ангионеврология: Инсульт» тақырыбында білім беру іс-шарасы өтеді
сәрсенбі, 12 Июль 2017

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ ағымдағы жылғы шілденің 17-і мен 21-і аралығында орталықтың базасында «Жедел ангионеврология: Инсульт» тақырыбында білім беру іс-шарасы өтетіндігін, ол аяқталғаннан кейін қатысқаны туралы сертификат берілетіндігі туралы хабарлайды.
Бұл іс-шара жіті цереброваскулярлық патология және жедел неврология бөлімінің бастығы – м.ғ.д., профессор Игорь Алексеевич Вознюк пен И.И. Джанелидзе атындағы Санкт-Петербург жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері – Татьяна Витальевна Харитонованың (PhD) басшылығымен өткізіледі.
Іс-шараға қатысуға қызығушылық танытқан тұлғаларға +7 7172 62 11 47 телефоны арқылы байланысуды сұраймыз.







