Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығына 9 жыл
сенбі, 1 Июль 2017
Осыдан тура 9 жыл бұрын 2008 жылғы 1 шілдеде Ұлттық нейрохирургия орталығы өз есігін айқара ашты. Бүгінде клиника бүкіл әлем мойындаған нейрохирургия саласындағы алдыңғы қатарлы ғылыми және клиникалық орталық болып табылады, мұнда жыл сайын бірегей емдеу әдістері ендіріледі. Ұжымның ең басты жетістігі – бұл 10 мыңнан астам құтқарылып қалған адам өмірі. Олардың әрбіреуі - бұл құтқару тарихы, оны пациенттер мен олардың туыстары таңғажайып нәрсе деп атайды. Орталықтың ұжымын осы атаулы күнмен шын жүрекпен құттықтаймыз! Сіздер үшін ең үлкен сыйлық сіздер өмір сүру қуанышын сыйлаған пациенттердің жүздеріндегі күлкі болсын! Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт және амандық тілейміз!







