Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері инсультпен ауыратын жүкті әйелді құтқарып қалды
сәрсенбі, 19 Июль 2017
Жүктіліктің 38 аптасындағы жас әйел Ұлттық нейрохирургия орталығына өте ауыр халде жеткізілді. Оның миына қан құйылған - инсульт. «Біз суретке қарағанда көтерілген артериялық қысымның жағдайы қарапайым инсультқа қарағандағы қанқұйылу әдеттегідей болмады. Мұнда артерия-веналық мальформация немесе аневризмалар түріндегі қандай да бір проблеманың бар екендігі белгілі болды» дейді тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ербол Махамбетов. Орталық дәрігерлері ангиографияны жасағаннан кейін оған артерия-веналық мальформация диагнозын қойды, бұл әлсіз қабырғалары бар тамырлардың ұйып қалуы. Дәрігерлер жүкті әйелдің миында мальформацияның жарылып кеткендігін, соның нәтижесінде миға қан құйылғандығын анықтады. Мұндай пациенттерден жылдамдатып қанайналымынан мальформацияны алып тастау қажет, өйткені олар үшін өміріне қауіп төндіретін миға қан құйылып кету қаупі бар болатын.
«Нейрохирургтармен, акушер-гинекологтармен, анестезиологтармен шұғыл консилиум өткізу барысында алқа шешімімен осы пациентті емдеу әдісі белгіленді. Бастапқыда жүктілікті сақтай отырып, мальформацияны тоқтату бойынша операция жасау және содан кейін босандырып алу туралы шешім қабылданды. Біз ауру асқынып кетпес үшін мальформацияны жабу бойынша аз инвазиялық, аз жарақатталатын эндоваскулярлық операцияны жасадық. Екі күннен кейін әйел Ана мен бала ұлттық орталығына ауыстырылды, ол жерде Кесарь тілігі арқылы дүниеге дені сау нәресте келді.»-деп түсіндірді тамырлы нейрохирург Ербол Махамбетов.
Бүгінде анасы мен баласының халі жақсы. Олар үйлеріне жіберілді. Әйел орталықтың нейрохирургтарының бақылауында тұр. Қазақстанда жүктілік кезіндегі артериялық мальформация ауруымен сырқаттанғандар өте сирек кездеседі. Ұлттық нейрохирургия орталығының тәжірибесіндегі бұл екінші жағдай.







