Ұлттық нейрохирургия орталығында инсультты нейрохирургиялық емдеу талқыланды
жұма, 28 Июль 2017
Астанада Ұлттық нейрохирургия орталығында Инсульт проблемаларын үйлестірудің республикалық орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық нейрохирургия орталығының қатысуымен болған «Инсультты нейрохирургиялық емдеу» атты халықаралық конференция өз жұмысын аяқтады. Іс-шараға Ресей мен Қазақстанның неврологтары, нейрохирургтары, тамырлы және эндоваскулярлы хирургтары қатысты.
Конференцияға ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, ҚР ҰҒА академигі Серік Ақшолақов, РФ Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Ирма Шетова, А.И. Евдокимов атындағы МММСУ КМО директоры, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс нейрохирургі, академик Владимир Крылов, «Аймақаралық клиника-диагностикалық орталық» МАДСМ Диагностикалау мен емдеудің рентгенхирургиялық әдістері бөлімшесінің меңгерушісі, ТР ДСМ бас штаттан тыс рентгенхирургі Михаил Володюхин,
Н.В. Склифосовский атындағы Жедел жәрдем ҒЗИ нейрохирургиялық реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Александр Солодов және тағы басқалар қатысты.
Жетекші отандық және ресей мамандары инсультты ұйымдастыру мен хирургиялық емдеу бойынша тәжірибе алмасты, жіті және созылмалы цереброваскулярлық ауруларды емдеудің озат технологияларымен танысты.
Түстен кейін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҚР бас штаттан тыс нейрохирургтарының дөңгелек үстелі өткізілді. Негізгі талқыланған тақырыбы Қазақстан Республикасындағы нейрохирургиялық қызметтің жағдайы туралы мәселе болды. Нейрохирургиялық белсенділік және Қазақстан Республикасы өңірлерінің бас штаттан тыс нейрохирургтарының операциялық араласуларының құрылымы бойынша есептер тыңдалып, соның барысында шешімі жүйелік көзқарасты талап ететін бірқатар мәселелер белгілі болды. Инсультқа шалдыққан пациенттерге медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру бойынша елеулі және маңызды ұсыныстар айтылды.







