Ұлттық нейрохирургия орталығында балалардағы эпилепсияны диагностикалауға және хирургиялық емдеуге арналған оқыту курсы өтті

сәрсенбі,  16  Август  2017

Ұлттық нейрохирургия орталығында балалардағы эпилепсияны диагностикалауға және хирургиялық емдеуге арналған оқыту курсы өтті. Неврологтарға, нейрохирургтарға, нейрофизиологтарға, эпилептологтарға арналған курс Ресей федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «В.А. Алмазов атындағы Солтүстік-Батыс федеральды медициналық зерттеу орталығы» ФМБМ балалар нейрохирургиялық бөлімшесінің бастығы, профессор Вильям Арамович Хачатрянның басшылығымен өткізілді. «Маған үйреніп жүрген жас мамандардың жаңа медицина технологияларына деген қызығушылығы ұнады, курсқа қатысушылардың өте қатты дайындалғаны көрініп тұр, олар оқу, талқылау процестеріне белсенді қатысып, өз пікірлерін, идеяларын білдіріп отырды. Сіздердің өте тәжірибелі және аға әріптестерімді көптен бері білемін. Біз олармен арасында бәріміз қызығушылық білдіретін мәселелерді талқылаймыз. Сіздердің осындай қысқа мерзімнің ішінде нейрохирургиялық патологиясы бар пациенттерді емдеуде өте қиын тапсырмаларды шеше алатын заманауи мекемені құра алғандарыңыз қуантады. Сіздерге өз пациенттеріңізді шетелге жіберу керек емес екендігін сенімді айта аламын және де бүгінде сіздер өз клиникаларыңызда кадрларды даярлау проблемасын шеше аласыз.» - деп профессор Вильям Арамович Хачатрян өз пікірімен бөлісті. Білім беру курсының бағдарламасы маңызды теориялық және практикалық бөлімнен тұрады, эпилепсияны диагностикалау мен емдеудің әртүрлі аспектілеріне, әртүрлі формаларының классификасына және клиникалық көріністеріне, пациенттерді зерттеу әдістері мен хирургиялық емдеуге науқастарды іріктеуге арналған.


тiзiмге қайтару