Ұлттық нейрохирургия орталығы дәрігерлерінің Экспо-2017 қатысушысына жасаған операциясы сәтті өтті

дүйсенбі,  11  Сентябрь  2017

Ұлттық нейрохирургия орталығы дәрігерлерінің шетелдік пациентке жасаған операциясы сәтті өтті. Осы жолы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға Астанаға келген Гвинея азаматы Souleymane Berete болды. Souleymane Berete Гвинея Республикасының Коммерция министрлігінің Коммерция және бәсекеге қабілеттілікті бағыттау жөніндегі ұлттық басқармасының басшысы болып табылады. Дәрігерлердің айтуынша көрме жабылар алдында шетелдік қонақ өз еркімен Ұлттық нейрохирургия орталығына медициналық көмек алуға келген.
Пациент ұзақ уақыт бел бөлігінің шамадан тыс күш түсуіне байланысты омыртқаның дегенеративтік өзгерістерімен ауырған. Оның жүргенде қиналатындығы, аяқтарында әлсіздік және вертикализация кезінде, сондай-ақ алдына еңкейгенде бел бөлігінің қатты ауыратындығы байқалды. Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде болған кезде шетелдік қонақ өзін нашар сезініп, біздің орталығымызға келді. Жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінде біз оның екі омыртқа дискісін имплантатқа ауыстырып, осы сегментті жазып қойдық. Операция қиын болды, 3 сағатқа созылды. Операция жасалғаннан кейін екінші күні операция жасалған пациент өзі аяғына тұрды. Тексеру суреттері жақсы нәтиже көрсетті, ауырсыну синдромы жоқ, пациент белсенді қозғалады, өзі жүре алады. Бүгін операциядан кейінгі 6 тәулікте біз оны жақсы халде орталығымыздан шығардық,- деді жұлын нейрохирургі Виктор Алейников.
Клиникада болғанда пациентті орталықтың мамандар командасы, анестезиолог, нейрохирург, невропатолог, кардиолог, терапевт, уролог пен физиотерапевт қарады.
Шетелдік қонақ қиын операцияны сәтті жасағаны үшін қазақстандық дәрігерлерге алғыс білдірді: «Операцияны жоғары дәрежелі мамандар жасады. Олардың кәсіби біліктілігінің арқасында мен бүгін өзімді жақсы сезінемін. Клиникада жатқан кезде мен ешқандай ыңғайсыздықты сезінген жоқпын. Өзімнің денсаулығымды осы клиникаға сеніп тапсырғанда дұрыс таңдау жасағанымды мен сеніммен айта аламын.».
Бүгінгі таңда Ұлттық нейрохирургия орталығы – пациенттерді диагностикалау және ерте оңалтумен аяқталатын нейрохирургиялық қызметтердің толық спектрін көрсететін Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған клиника. Клиникада ересектер үшін, сол сияқты балалар үшін де жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған халықаралық стандарттар құрылған. Орталықтың материалдық-техникалық базасына республикада ұқсасы жоқ және ең жоғары халықаралық талаптарға сәйкес келеді.
Орталықта 9 жылдың ішінде 33 мыңнан аса пациент емделді, нейрохирургиялық патологиясы бар 18 мыңнан аса пациентке операция жасалды. Жұмыс істеу кезінде бұрында елімізде қолданылмаған заманауи және қауіпсіз нейрохирургиялық емдеудің 66 жаңа медициналық технологиясы ендірілді.
Ұлттық нейрохирургия орталығы бүкіл әлем бойынша шетелдіктерге арналған ауруханаларды тексерумен және стандарттаумен айналысатын, жетекші халықаралық ұйым - Joint Commission International, JCI медициналық қызмет көрсетудің ең жоғары халықаралық сапа стандарты бойынша сертификатын алды. JCI стандарттарына сәйкес келу медицина туризмінің халықаралық нарығына қолжетімділікті ашты. Бүгінге дейін орталықта 230-дан аса шетелдік пациент емделді. Бұл кемінде 25 елдің азаматтары.


тiзiмге қайтару