Ұлттық нейрохирургия орталығының базасында Инсульт проблемаларын үйлестірудің республикалық орталығының бастамасымен «Инсульт кезінде пациенттерге күтім жасау» білім беру іс-шарасы өткізілуде
бейсенбі, 5 Октябрь 2017
Ұлттық нейрохирургия орталығының базасында Инсульт проблемаларын үйлестірудің республикалық орталығының бастамасымен «Инсульт кезінде пациенттерге күтім жасау» білім беру іс-шарасы өткізілуде. Оны танымал реабилитолог, Дүниежүзілік эрготерапиялық конфедерацияның (WCOT) және Ресей реабилитологтар одағының және Ресейлік эрготерапевтер ассоциациясының мүшесі, академик И.П.Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық университетінің медициналық оңалту және бейімделгіш дене шынықтыру кафедрасының ассистенті Ольга Камаева жүргізуде.
Барлығына белгілі, инсульт - бұл медициналық және әлеуметтік маңызды проблема болып табылады және оның табыстылығы көптеген жағдайларда дұрыс күтім жасаумен тығыз байланысты. Инсульт алған адамдардың толыққанды өмірге оралған жағдайлары өте көп. Дегенмен, ең алдымен дұрыс қозғалу және біреудің көмегінсіз өздігінен өмір сүру үшін жақсы мейіргерлік көмек, сондай-ақ үй жағдайында туыс-туғандары тарапынан дұрыс түсіністік болуы өте маңызды. Толық күтім жасау, көңіл бөлу, шыдамдылық нәтиженің 50% -на дейін жетеді, бұл инсультты жеңуге көмектеседі.
Ольга Камаева өткізіп жатқан оқыту - инсульт алған пациенттерге күтім жасау мәселелеріне арналады және мынадай сұрақтарды қамтиды: пациентке дұрыс күтім жасау, жұтыну функциясын бағалау, құлау қаупін бағалау, функционалды қозғалыстар және өз-өзіне қызмет көрсету бойынша дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ пациенттің өмірге деген қызығушылығын арттыру, оның тартымдылығын қайта келтіру маңызды болып табылады.
Сабақтар қазанның 11-не дейін жалғасады, барлық қатысушыларға аяқталғаннан кейін сертификаттар беріледі.







