Астанада созылмалы ауырсыну синдромын емдеу бойынша бірінші конференция өтті
жұма, 17 Ноябрь 2017
Ұлттық нейрохирургия орталығында 17 қарашада ауру проблемаларымен айналысатын түрлі маман дәрігерлер - неврологтар, нейрохирургтар, вертебрологтар, физиотерапевтер, реабилитологтар жиналады. Мұнда әрбір адамға таныс синдромды емдеу бойынша конференция өтті. Жіті, созылмалы, бейнелі ауырсыну адамның өміріне кері әсерін тигізеді, адам көп жағдайда онымен бетпе –бет жалғыз қалады.
ДДҰ деректері бойынша созылмалы ауру күн сайын жер шарының ересек тұрғындарының үштен бірінің жанына батып, азап шектіреді. Сондықтан, бүгінгі таңда дамыған елдерде созылмалы ауырсыну өз алдына ауру ретінде танылды: дәрігерлік мамандану - алгология, pain management, «ауырсынуды басқару» пайда болды.
Дәрігерлер өз бетімен емделу проблемалары, дәрі-дәрмектерді жөнсіз қабылдау және пациенттерде ауырсынудан болатын жағымсыз әсерлермен жиі кездеседі. Сондықтан ауырсынуды дер кезінде диагностикалау, себептерін анықтау және емдеуге баса назар аудару - емдеудің жаңа әдістерін әзірлеуді қажет ететін өте өзекті сұрақ. Өткізілген конференция осыған және басқа да сұрақтарды талқылауға арналды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда алгологияға маманданған бірнеше ғана клиника бар, елімізде осы бағытта дайындалған мамандар жетіспейді. . Ұйымдастырушылардың басты мақсаты – кез-келген емхана мен ауруханадағы маманның осы білім, икем-машықтарды игеруі. Нақ осы үшін аталған конференция ұйымдастырылды.
Ұлттық нейрохирургия орталығы - ҚР алғашқылардың бірі болып ауырсыну синдромдарын емдеудің еліміз үшін түбегейлі жаңа әдістерін енгізуді бастады.







