Қазан айының соңғы жексенбісінде Дүниежүзінде инсультпен күресу күні өтеді
бейсенбі, 26 Октябрь 2017
Қазан айының соңғы жексенбісінде Дүниежүзінде инсультпен күресу күні өтеді. Осы күні қарсаңында 27 қазан күні еліміздің барлық амбулаторлық-емханалық бейініндегі медициналық ұйымдарында Ашық есік күні өткізіледі. Олардың басты мақсаты - халықты инсульт кезінде «терапиялық саңылау» кезеңінде және салауатты өмір салты негізінде медициналық көмекке уақытында жүгіну маңыздылығын, қауіп факторлары, алдын алу туралы ақпараттандыру. Бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау мамандары пациенттің дәрігерге уақытында қаралуы мүгедектіктен және жіті инсульттан болатын өлім-жітімнен көмектеседі деп есептейді. Біздің әрқайсымыз инсульттың жалпыға ортақ бірінші белгілерін білуіміз керек, бұл FAST тест: Face – бет, Arm – қол, Speech – сөйлеу және Time – уақыт.
Осы видеомен бөлісіңіз! Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз, адам өмірін құтқару үшін өз үлесіңізді қосыңыз!







