Ұлттық нейрохирургия орталығына Малайзиядан делегация келді

сәрсенбі,  23  Сентябрь  2015

Бүгін қызметттік сапармен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Малайзиядан делегация келді. Малайзияның жетекші фармацевтикалық компанияларының және жекеменшік медициналық клиникаларының өкілдері қазақстандық медициналық ұйымдармен сауда-саттық байланыстарды құруға іскерлік қызығушылық танытты. Атап айтқанда, медициналық қолғаптарды сату бойынша менеджер Мохаммеда Хегази мырза Қазақстанда өз өнімдерін өткізу үшін жергілікті дистрибьютерлерді іздейді. Бұдан өзге, кездесу барысында шетелдік қонақтар Қазақстан азаматтары үшін медициналық туризм орны ретінде Малайзия туралы ақпараттармен бөлісті. Халықаралық сарапшылар қазақстандық дәрігерлердің жұмысына жоғары баға берді. Меймандар Балалар нейрохирургиясы, Орталық жүйке жүйесінің патологиясы (ОЖЖП) бөлімшелерін, сонымен қатар Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесін аралап шықты. 


тiзiмге қайтару