«ҰНО»АҚ ГБО кабинеті жұмыс істейді
сәрсенбі, 16 Сентябрь 2015
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ бір орындық емдеу барокамерасымен жабдықталған гипербариялық оттегілеу (ГБО) кабинеті жұмыс істейді.
Гипербария жағдайында оттегі плазмада және тінаралық сұйықтықта қажетті мөлшерде еріп, гемоглобин жетпейтін тіндер мен мүшелерге таралады.
Сеанс дәрігердің үнемі бақылауымен бір орындық емдеу барокамерасында жүргізіледі.
ГБО (гипербариялық оттегілеу) - микроциркуляцияны және тін алмасуын жақсартады, ағзаның қорғаныс күшін арттырады, иммунитетті жоғарылатады, ақыл-ой және дене күшінің белсенділігін арттырады, ойық жаралардың, эрозиялардың, жарақаттардың жазылуын тездетеді, қабынуға қарсы және дезинтоксикациялық әсерге ие, ағзадағы қалпына келтіру процессін жылдамдатады.
ГБО курсын жылына 2 рет қабылдаған пациенттердің өткір респираторлық аурулармен аз ауыратындығы, аллергияларға көп ұшырамайтындығы дәлелденген, созылмалы аурулар кезінде аурудың бетінің қайтуы жылдамырақ болады.
ГБО әдісімен емдеуге көрсетімдер:
· қантамыр аурулары;
· жүрек-қантамыр аурулары;
· ішек-қарын жолының аурулары;
· бауыр ауруы;
· шеткі және орталық жүйке жүйесінің аурулары;
· улану;
· көру мүшелерінің аурулары;
· эндокриндік аурулар;
· гинекологиялық аурулар;
· акушерлік патология;
· ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар, трофикалық ойық жаралар;
· сәулелік терепиядан кейінгі асқынуларды емдеу;
· пластикалық операцияларға дайындау, буындарды эндопротездеу;
· созылмалы шаршау синдромы;
· масаңдық синдромы.
ГБО ағза жүйелерінің және мүшелерінің жұмысын қалпына келтіреді, ауру және асқыну туындау қауіпін төмендетеді. Барокамерадағы сеанстар шаршағандықты басады, қарбалас жұмыстан кейінгі күш-қуатты қалпына келтіреді, бұлшық ет тонусын жоғарылатады, стресске қарсы жалпы нығайту әсеріне ие, ластанған атмосфераның жағымсыз әсерін төмендетеді.
ГБО курсынан өткен пациенттер еңбекке қабілеттіліктің артқандығын және психоэмоционалдық жағдайының тұрақтанғандығын байқайды.
Процедура жүргізудің алдында пациентке қажетті зерттеулер жүргізіледі, содан кейін емдеу курсы тағайындалады. Сеанс уақыты мен саны әрбр пациентке жеке белгіленеді. Емдеу ұзақтығы орташа есеппен әрбір сеанс 45-60 минут болатын 5-тен 12 сеансқа дейін созылады.
1 сеанстық құны – 4100 теңге.
Толық ақпарат алу үшін ГБО дәрігерінің байланыс телефоны:
+7 (7172) 51 15 91 ішкі (10 60)
ұялы +7701 6624556







