«Дархан халықтың дана Абайы»

дүйсенбі,  21  Сентябрь  2015

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Іс жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының Тілдері күні мерекесіне орай және А.Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойына байланысты «Дархан халықтың дана Абайы» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Кеш барысында Абайдың шығармашылығы, артына қалдырған мол мұрасы насихатталды. Орталық қызметкерлері арасында Абай шығармаларын үздік орындаудан  байқау ұйымдастырылды. Байқау аса тартысты өтті, байқау қорытындысы бойынша бас бәйгені Абайдың «41 қара сөзін» нақышына келтіріп орындап, әділқазылар мен көпшіліктің жүрегін жаулаған  Физиотерапия және субалшықпен емдеу бөлімшесінің массажисі Абай Тұрмашев иемденді, байқауға қатысқан 12 қатысушының барлығы да бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды. 


тiзiмге қайтару