2018 жылдың 1 наурызында Ұлттық нейрохирургия орталығы мен Инсульт проблемаларын үйлестірудің республикалық орталығы «Инсультсыз өмір» және «Созылмалы шаршау синдромы және онымен қалай күресу керек» атты өзекті тақырыптар бойынша барлық қатысуға тілек бі

дүйсенбі,  26  Март  2018

2018 жылдың 1 наурызында Ұлттық нейрохирургия орталығы мен Инсульт проблемаларын үйлестірудің республикалық орталығы «Инсультсыз өмір» және «Созылмалы шаршау синдромы және онымен қалай күресу керек» атты өзекті тақырыптар бойынша барлық қатысуға тілек білдірушілер үшін ашық дәрістер өткізеді.
Дәрістер кезінде дәрігер-невролог, Инсульт проблемаларын үйлестірудің республикалық орталығының бас маманы Зауреш Ахметжанова инсульт қауіпінің қандай факторлары бар, оның алғашқы симптомдары қалай білінеді, симптомдар кезінде не істеу қажет және қантамырлық катастрофаларды болдырмау мүмкіндігі туралы айтады. Өз кезегінде Ұлттық нейрохирургия орталығының Физиотерапия және субалшықпен емдеу бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-невролог Жанат Такенов созылмалы шаршау синдромы дегеніміз не, созылмалы шаршау синдромы неге алып келеді және бұл біз ойлағаннан да күрделі екендігі жөнінде айтады.
Барлық қатысуға тілек білдірушілерді біздің мамандардың дәрістерін тыңдауға шақырамыз! Кіру тегін.
Өткізілетін күні: 2018 жылғы 1 наурыз, сағат 15.00.
Өткізілетін орны: Ұлттық нейрохирургия орталығы, 2 қабат, конференц-зал «Астана»
Анықтама телефондары: +7 7172 62-11-24, +7 701 4136525, +7 777 9995229.


тiзiмге қайтару