«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-на Түркиядан профессорлар келді
дүйсенбі, 19 Октябрь 2015
Жұмыс сапары аясында Түркиядан келген профессорлар «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ келді. Құрамында профессорлар Гази Йигитбашы және Сабахаттин Айдын бар Медиполь түрік университетінен келген делегация «Түркиядағы денсаулық сақтаудың трансформациясы» және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ –дағы университет пен ауруханалардың керек-жарақтары» тақырыптары бойынша дәрістер өткізді. Халықаралық сарапшылар Орталық қызметімен, Балалар нейрохирургиясы, Жалпы нейрохирургия, Орталық жүйке жүйесінің патологиясы (ОЖЖП) бөлімшелерінде, сонымен қатар Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде болды.







