Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Ұлттық нейрохирургия орталығы өздерінің ардагерлері Екатерина Стефановна Писарева мен Александр Павлович Балакинді құттықтады.

жұма,  11  Май  2018

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Ұлттық нейрохирургия орталығы өздерінің ардагерлері Екатерина Стефановна Писарева мен Александр Павлович Балакинді құттықтады. Олар Ұлы Отан соғысының нағыз батырлары болып табылады.  
Ардагерлерге сыйға өнім себеттері берілді. Осы базарлықтардың барлығы елімізге жеңіс сыйлаған адамдарға тағы да бір рет алғыс білдірудің белгісі.  Әңгіме барысында ардагерлер өздерінің өткен өмірлерін еске алып, қазіргі өмірлерімен бөлісті. Мереке қарсаңында Ұлттық нейрохирургия орталығы барлық ардагерлерді ең құрметті мерекелердің бірі - Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайды және оларға зор денсаулық, ашық аспан, бейбіт өмір тілейді. Құрметті ардагерлер, ғұмыр жастарыңыз ұзақ болсын, денсаулықтарыңыз мықты болсын, бақытты болыңыздар!  

тiзiмге қайтару