Ұлттық нейрохирургия орталығында Инсульт проблемаларын үйлестірудің республикалық орталығының бастамасымен «Инсульт мектебі» ғылыми-практикалық конференциясы және 3-ші жыл сайынғы Дөңгелек стол өткізуде

бейсенбі,  12  Июль  2018

          Ұлттық нейрохирургия орталығында 2018 жылғы 12-13 шілде аралығында Инсульт проблемаларын үйлестірудің республикалық орталығының бастамасымен «Инсульт мектебі» ғылыми-практикалық конференциясы, ҚР инсульт қызметі мамандарының 3-ші жыл сайынғы Дөңгелек үстелі мен Медициналық реабилитологтардың дөңгелек үстелі өткізілуде.
Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Л.М. Ақтаева, еліміздің 16 өңірінің штаттан тыс бас неврологтары, сонымен қатар Ресей Федерациясының, Украина мен Италия мамандары қатысқалы жатыр.
         Ғылыми-практикалық конференция бағдарламасында ҚР инсульт қызметін ұйымдастыру, тромболикалық терапияны, ашық нейрохирургиялық, эндоваскулярлық араласуларды және оңалтуды қолданумен инсультты емдеу, диагностиканы нейровизуализациялау сұрақтарын талқылау жоспарлануда.
        Бағдарламаға неврология, нейрохирургия, кардиология, реаниматология және оңалту саласындағы отандық және шетелдік жетекші мамандар қатысып жатыр.
     Бірінші күні (12 шілде) «Инсульт мектебі» ғылыми-практикалық конференциясын өткізу жоспарлануда: инсульт бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен КТ және МРТ диагностикасының негіздерінен бастап оңалтуға дейін, тромболикалық терапияны өткізу, нейрохирургиялық араласуларға көрсетімдер және шебер-кластар.
      Екінші күні (13 шілде) өңірлердің штаттын тыс бас неврологтарының, Инсульт орталықтары меңгерушілерінің есептерін тыңдаумен, 2017 жылдың қорытындысын шығару, сонымен қатар шебер-кластар өткізумен «Дөңгелек үстел» өткізу жоспарлануда.


тiзiмге қайтару