Ұлттық нейрохирургия орталығында балалардағы эпилепсияны диагностикалау мен емдеуге арналған «Ми қыртысындағы эпилепсияны хирургиялық емдеу» тақырыбында білім беру курсы өткізілді.

сәрсенбі,  11  Июль  2018

       Ұлттық нейрохирургия орталығында балалардағы эпилепсияны диагностикалау мен емдеуге арналған «Ми қыртысындағы эпилепсияны хирургиялық емдеу» тақырыбында білім беру курсы өткізілді. Неврологтар, нейрохирургтар, нейрофизиологтар, эпилептологтарға арналған курс Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің «В.А. Алмазов атындағы Солтүстік-Батыс федералдық медициналық зерттеу орталығы» ФГБУ балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің басшысы, профессор Хачатрян Вильям Арамовичтың жетекшілігімен өтті. Білім беру бағдарламасының теориялық және практикалық бөлігі эпилепсияның емдеу мен диагностикалаудың түрлі аспектілеріне, түрлі клиникалық көріністері мен жіктелуіне, пациенттерді зерттеу әдістері мен хирургиялық емдеу үшін науқастардан іріктеуге арналды.


тiзiмге қайтару