Ұлттық нейрохирургия орталығында омыртқасында ісігі бар жүкті әйелге күрделі операция жасалды
дүйсенбі, 16 Июль 2018
Ұлттық нейрохирургия орталығында омыртқасында ісігі бар жүкті әйелге күрделі операция жасалды.
25 жастағы Ақтөбе қаласының тумасы, жүктіліктің 28 аптасындағы әйел жауырын аймағы аралығының қатты ауыратындығын, тыныс алудың ауырлығын, сонымен қатар аяқтарының сезімталдығының төмендеуіне шағымданған. Жас қыз тұрғылықты жері бойынша медициналық көмекке жүгінеді, оған МРТ зерттеулері жасалады. МРТ қорытындысы бойынша кеуде-мойын бөлігінде интрамедуллярлы жұлын ісігі анықталады. Жас қызды емдеудің тәсілін анықтау үшін «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ сұрау жолданады.
Нейрохирургия орталығы дәрігерлері телемедицина арқылы пациентке консультация жасайды. Пациент жағдайының күрделігін және одан әрі асқыну қауіпінің жоғары екендігін ескере отырып, нейрохирургия орталығына операция жасау үшін шұғыл арада пациентті санавияциямен әкелу туралы шешім қабылданды. Осы жылдың 12 шілдесінде пациент нейрохирургия орталығына жеткізілді.
2018 жылдың 13 шілдесінде жүкті әйелге нейромониторингті қолданумен интрамедуллярлы жұлын ісігінің микрохирургиялық операциясы жасалды. Осы әдіс нерв жүйесінің және оның өту жолдарының түрлі бөліктеріне бақылауда ұстауға көмектеседі, осылайша неврологиялық асқыну ықтималдығын азайтады. Сонымен қатар, операция кезінде іште жатқан нәресте жағдайын, оның жүрегінің соғу жиілігін мен олардың өзгерістерін тіркеу негізінде тұрақты түрде функционалдық бағалау мақсатында іштегі нәрестені КТГ бақылауымен жасалғандығын да айта кеткен жөн.
Операция шамамен 4 сағатқа созылды. Операция сәтті аяқталды. Бүгінгі күні болашақ ананың денсаулық жағдайы жақсы, ол палатаға ауыстырылды. Аяқтарында сезімталдық қайта пайда болып, пациент өз бетінше қол-аяғын қозғалта алады, барлық функциялық және қимыл-қозғалыс қабілеттері сақталған. Жасалған өте күрделі операцияға қарамастан, болашақ ана баланы жүрегінің астында көтеріп жүр, іштегі нәресте жағдайы жақсы және күннен – күнге өсіп келеді. Дәрігерлердің болжамы бойынша босану уақыты жоспарланған уақытта болмақ.







