«Қазақстан Республикасының тұрғындарына нейрохирургиялық көмек көрсетудің 2008-2017 жылдардағы негізгі көрсеткіштері» атты статистикалық жинақ шығарлды

сәрсенбі,  25  Июль  2018

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

          «Ұлттық нейрохирургия орталығы»АҚ (бұдан әрі-Орталық) 2018 жылғы 2 шілдеде «Қазақ нейрохирургтары ассоциациясы» ҚБ бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасының тұрғындарына нейрохирургиялық көмек көрсетудің 2008-2017 жылдардағы негізгі көрсеткіштері» атты статистикалық жинақтың шығарылғандығын қуана хабарлайды.
      Жинақта Қазақстан Республикасының тұрғындарына нейрохирургиялық көмек көрсетудің 2008-2017 жылдардағы негізгі көрсеткіштері және статистикалық материалдар көрсетілген. Жинақты шығару барысында республиканың медициналық ұйымдарының қызметі туралы әкімшілік есепке алу деректері, тұрғындардың денсаулық көрсеткіштері, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің, ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының деректері қолданылды.
         Статистикалық жинақ денсаулық сақтауды ұйымдастырушыларға, жалпы тәжірибелік дәрігерлерге, медициналық ұйымдардың мамандарына, дәрігер нейрохирургтарға, невропатологтарға, ЖОО және медициналық колледждің студенттеріне арналған.
          Жинақтың мазмұнына, статистикалық деректерді ұсыну көрнекілігі мен нысанына қатысты өз ұсыныстарыңыз бен тілектеріңізді      Сіз «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс және стратегиялық жоспарлау бөлімі: omr-ns@list.ru эл.мекенжайына жолдауларыңызға болады.
           Жіберілген ұсынымдар біздің тарапымыздан қаралады және келесі жинақтарды шығару барысында ескеріледі.
           Байланыс телефоны: 8 (7172) 621-075, 621-153.
           Жинақтың электрондық нұсқасы клиника сайтында осы сілтеме бойынша орналастырылған.


тiзiмге қайтару