Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері омыртқа ауруларын емдеудің жаңа технологиясын меңгерді.

сәрсенбі,  18  Июль  2018

                           Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері омыртқа ауруларын емдеудің жаңа технологиясын меңгерді.

      Аталған әдістеменің мәні омыртқааралық дискті омыртқа қозғалысының барлық жоғалған функцияларын қалпына келтіріп және сақтай отырып, арнайы протезбен толық алмастырудан тұрады. Осы технологияның арқасында омыртқа жотасына немесе бел-сегізкөз аймағында жасалған операциядан кейін пациенттерде омыртқаның барлық биомеханикалық функциялары сақталады, бұл толыққанды өмірге ертерек оралуға және олардың еңбек қабілетін аз уақыт ішінде қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
      Осы әдістемені енгізу мен әзірлеуге ресейлік профессор, медицина ғылымдарының докторы, 20-жылдық еңбек өтілі бар жоғары санатты дәрігер-нейрохирург Вадим Бывальцев шақырылды.
      В. Бывальцев «РТЖ» ААҚ бас нейрохирургі, «РТЖ» ААҚ Жол клиникалық ауруханасының Иркутск-Жолаушылар станциясында нейрохирургия орталығының басшысы, Иркутск мемлекеттік медицина университетінің нейрохирургия курсының меңгерушісі, дипломнан кейінгі білім беру Иркутск мемлекеттік медицина академиясының травматология, ортопедия және нейрохирургия кафедрасының профессоры, Иркутск хирургия және травматология ғылыми орталығының нейрохирургия ғылыми-клиникалық бөлімінің жетекшісі.
      «Омыртқааралық диск - бұл дегенерацияға - бұзылуға аса бейім бөлік, әсіресе төменгі бел аумағының сегізкөзге ұласу ауданы. Жасанды диск, диск ұзындығын және қозғалыстың жоғалған функциясын толығымен қалпына келтіруге мүмкіндік береді, тиісінше аралас сегменттердің тозуының алдын алады және осы бөліктегі омыртқа функциясы мен қозғалысты қалпына келтіреді. Бұл емдеудің түбегейлі жаңа әдісі саналады. Бірнеше жыл бұрын омыртқааралық дискті протездеу әлемдік тәжірибеге енгізілген болатын. Қазіргі таңда біз осы әдістемені Ұлттық нейрохирургия орталығының базасында енгізудеміз»- деді, профессор В.А. Бывальцев.
     Қазіргі уақытта омыртқа аурулары пациенттің жас ерекшеліктеріне қарамастан кең таралған ауруларға жатады. Әлемдік статистикаға жүгінсек, ересек адамдардың 80 пайызы өмірінде бір рет болсын арқаның қатты ауруына шағымданған, ал жер шарының 15 пайыз тұрғындары арқаның созылмалы ауруларынан зардап шегуде.
   Жұлын нейрохирургиясындағы кіші-инвазиялық технологиялар бойынша білім беру курсы аясында Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері ресейлік әріптесімен бірге еліміздің әр аймағынан келген, ең алдымен аталған медициналық көмекке мұқтаж пациенттерге операция жасайды.
     Ресейлік нейрохирургтың айтуы бойынша, қазақстандық дәрігерлер қажет құрал-жабдықтың, осындай операцияларды орындауға қабілетті білікті мамандардың арқасында осы әдістемені жіті меңгеріп, тәжірбиеге енгізуде.


тiзiмге қайтару