Бүгін тамыздың 27 күні «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Қуандықұлы Акшулаковтың төрағалық етуімен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, медицина ғылымдарының кандидаты Туткушев Бексұлтан Серікпайұлы

дүйсенбі,  27  Август  2018

         Бүгін тамыздың 27 күні «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Қуандықұлы Акшулаковтың төрағалық етуімен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, медицина ғылымдарының кандидаты Туткушев Бексұлтан Серікпайұлының 70-жылдық мерейтойына орайластырылған кеңейтілген ғылыми кеңес өтті. Салтанатты құттықтауға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрі Актаева Ляззат Мейрашқызы, Ғылыми кеңес мүшелері және «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ ұжымы қатысты.
       Л.М. Ақтаева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Абдыкаликованың және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрі Е.А. Біртановтың құттықтау хаттарын оқыды, мерейтой иесіне көп жылдық абыройлы атқарған еңбегі үшін зор алғысын білдірді және мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
         Іс-шара аясында Туткушев Бексұлтан Серікпайұлының өмірі мен еңбек жолы, сонымен қатар Қазақстан Республикасында отандық денсаулық сақтаудың қалыптасуы баяндалған «Он үш жыл... және бүкіл ғұмыр» атты кітаптың тұсауы кесілді.
      «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ ұжымы Туткушев Бексұлтан Серікпайұлын 70-жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды және таусылмас шығармашылық шабыт, барлық бастамалар мен жоспарлардың іске асуын, жұмыста толағай табыстар, отбасында шаттық пен қуаныш, мықты денсаулық тілейді!


тiзiмге қайтару