2018 жылдың 3 қыркүйегінде «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, профессор Серік Қуандықұлы Ақшолақов орталықтың жетінші түлектеріне резидентураны бітіргендігі туралы мемлекеттік үлгідегі сертификаттарды салтанатты түрде тапсырды.

дүйсенбі,  3  Сентябрь  2018

           Ұлттық нейрохирургия орталығының Білім беру бөлімінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі үшін заманауи, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау бойынша қызметті ұйымдастыру және үйлестіру жүргізіледі. Бұл жерде басты назар диагностиканың күрделі әдістерін тануға және науқастарды хирургиялық емдеуге, заманауи аппараттар мен аспаптарды меңгеруге, соңғы медициналық жетістіктерді білуге аударылады. Бүгінгі күні Ұлттық нейрохирургия орталығының қабырғасында 33 резидент оқытылды, оның ішінде «Нейрохирургия, соның ішінде балалар нейрохирургиясы» мамандығы бойынша -27 маман және  «Невропатология, соның ішінде балалар невропатологиясы» мамандығы бойынша - 6 маман оқытылды.
          2018 жылдың 3 қыркүйегінде «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, профессор Серік Қуандықұлы Ақшолақов орталықтың жетінші түлектеріне резидентураны бітіргендігі туралы мемлекеттік үлгідегі сертификаттарды салтанатты түрде тапсырды. Аталған түлектер «Нейрохирургия, соның ішінде балалар нейрохирургиясы» (2014-2018жж) мамандығы бойынша және «Невропатология, соның ішінде балалар невропатологиясы» (2016-2018 жж) мамандығы бойынша білім алды. Орталық базасында резидентура курсының тыңдаушыларына аталған мамандықтар бойынша емтихандар өткізілді, резидентура тыңдаушылары емтихандардың барлық кезеңдерін сәтті тапсырып, жоғары жетістіктерді көрсетті. Ұлттық нейрохирургия орталығы түлектерге мықты денсаулық, еңбектеріне жеміс, кәсіби өсу және алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектестік білдіреді.


тiзiмге қайтару