«STOP Инсульт!» акциясы өтеді
дүйсенбі, 22 Октябрь 2018
2018 жылдың 29 қазанында сағат 16.00-де Ұлттық нейрохирургия орталығында Инсульт проблемаларын үйлестірудің республикалық орталығының ұйымдастыруымен Инсультпен күресудің Дүниежүзілік күніне арналған «STOP Инсульт!» акциясы өтеді.
Қатысқысы келетіндердің барлығын «Инсульт, қауіп факторлары, диагностика және емдеу» атты тақырыптағы мамандарымыздың ашық дәрістеріне шақырамыз және сіздер осы бір маңызды медициналық-әлеуметтік проблема жайлы көп ақпарат ала аласыздар. Кіру тегін.
Лекторлар: Ержан Боранбаевич Адильбеков– Инсульт проблемаларын үйлестірудің республикалық орталығының директоры және невролог дәрігер бас маман Ахметжанова Зауреш Бауыржановна. Сонымен қатар, түсіндірмелерде инсульт тақырыбы бойынша сұрақтарыңызды қоя аласыздар, оған лекциялар барысында жауап беріледі.
Өткізілу күні: 29 қазан 2018 жыл, сағат 16.00.
Өткізілу орны: Тұран даңғылы 34/1, Ұлттық нейрохирургия орталығы, 2 қабат, «Астана» конференц залы.







