Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру
дүйсенбі, 15 Октябрь 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы С.Қ. Акшулаковтың басшылық етуімен Жолдауда айтылған негізгі тапсырмалар талқыланған отырыс өткізілді.
Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жоғарылату мақсатында 2019 жылы Орталықта жаңа технологияларды енгізу жоспарлануда:
- ОЖЖ ауруларын стеретаксисті қолданумен Гамма пышақ құрылғысында радиохирургиялық емдеу;
- эпилепсия кезінде хирургиялық араласулар ауқымын ұлғайту;
- ми бағаны ісіктерінің стереотаксиялық биопсиясы.
Орталық жүйке жүйесі ауруларын стеретаксисті қолданумен Гамма пышақ (Gamma Knife) құрылғысында радиохирургиялық емдеуді енгізу мидың ісіктері мен зақымданған тамырларын емдеуге мүмкіндік береді. Аталған қондырғыны қолданудың мәні ми ісіктері мен қантамыр патологияларын хирургиялық араласуларсыз, радиохирургиялық гамма-сәулелендіру жолымен емдеуден тұрады. Бұл пациенттер үшін өте тиімді әрі қауіпсіз саналады. Осы әдіспен бір науқасты емдеу шетелде шамамен 20-50 мың евро тұратын болса, ал Орталықта мұндай ем жүргізуді айтарлықтай арзан ету жоспарлануда, сонымен қатар квоталардың шеңберінде қарастырылмақ. Бүгінгі таңда «Гамма-пышақ» нейрохирургиялық тәжірибедегі радиохирургияның жоғары дәлдіктегі «алтын» стандарты болып табылады.
Медициналық қызметтер сапасын жақсарту бойынша жүргізілетін жұмыстар аясында Орталық әрбір үш жыл сайын медициналық көмек сапасының жоғары стандартын растайтын JCI Халықаралық біріккен комиссиясының сертификаттауынан өтеді. Орталықтың JCI Халықаралық біріккен комиссиясының сертификаттауынан қайта өтуімен байланысты 2019 жылға үлкен жұмыс ауқымы жоспарлануда.
Бұған қоса, Орталық клиникалық жұмыстан бөлек ғылыми және білім беру қызметін біріктіргендігін де атап өткен жөн. Жыл сайын Орталық базасында 1500 аса маман, соның ішінде облыс аймақтарының мамандары да қайта даярлау мен жұмыс орнында тәжірибеден өтуді қоса алғанда біліктілігін арттырады, бұл еліміздің аймақтарына медициналық технологиялар «трансфертін» жүзеге асыруға мүмкіндік береді; нейрохирургия және неврология бойынша резидентура тыңдаушылары оқытылады; ғылым мен тәжірибенің өзекті тақырыптарына арналған шебер-кластар мен кездесулер, жас ғалымдар конференциясы жүйелі түрде өткізіледі.







