«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ соғыс ардагерлерін құттықтады
бейсенбі, 8 Май 2014
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ соғыс ардагерлерін құттықтады 9 мамыр қарсаңында дәстүрлі түрде «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ қызметкерлерініңатынан басшылық Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және тыл еңбеккерлерін құттықтады. Соғыс ардагерлері мерекелік гүл шоқтары, сыйлықтар мен жылы құттықтауларды қабылдады. Олардың арасында Александр Иванович Павлухин бар. Ол соғысқа бірінші күнненсоңына дейін қатысты. Ол Кавказ және Оңтүстік майдандардағы соғысқа қатысқан, бірнеше ордендер мен медальдарға ұсынылған. Қазір ардагер 89 жаста. Құрметті жасқа келгеніне қарамастан Александ Иванович бұрынғыдай тың және өмірге құштар. Жыл сайын 9 мамырда жақындарыммен бірге мерекелік дастарқанға отырамыз және ең бірінші тілегіміз Жеңіске арналады -, дейді ардагер.







