«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ жоспарлы Донор күні өткізілді

дүйсенбі,  26  Май  2014

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ жоспарлы Донор күні өткізілді Алдын-ала медициналық қараудан соң қан тапсыруға жіберілген қызметкерлердің саны 51. Акцияның қорытындысы бойынша барлығы 20 литрден аса қан жиналды. Орталық қызметкерлері нейрохирургия орталығының құрылу тарихынан бастап барлық кезеңдерде өткізілген ерікті қан тапсыруға үнемі қатысатындығын атап кетуге болады. «Ұлттық нейрохиургия орталығы» басшылығы және кәсіподақ ұйымы «Донор күні» өз қандарын тегін берген барлық қатысушыларға алғыс және құрмет білдіреді. Донорлықты дамыту-барлығымыздың жалпы азаматтық борышымыз.

тiзiмге қайтару