«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ балаларды құттықтады

жұма,  30  Май  2014

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ балаларды құттықтады 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне әлі де уақыт бар. Бірақ кейбір балалар үшін мереке басталып та кетті. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-да Астана қаласының әкімдігі «Балаларға күлкі сыйла!» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Театрландырылған шоуға Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің барлық пациенттері жиналды. Мерекелік бағдарламаға иллюзионистер, қуыршақтар, астаналық театр және би ұжымдары қатысты. Мерекелік іс-шараның соңында әрбір бала тәттілер, сыйлықтар мен ойыншықтар алды.

тiзiмге қайтару