«ҰНО» АҚ Халықаралық мейіргер күні аталып өтілді

дүйсенбі,  12  Май  2014

«ҰНО» АҚ Халықаралық мейіргер күні аталып өтілді 12 мамыр- халықаралық мейіргер күні. Осы күні ең атақты ағылшындардың бірі Флоренс Найтингейл дүниеге келген. Ол Қырым соғысы кезінде әлемде мейірімділік әпкелер қызметін ұйымдастырады. 12 мамырда мерекеге орай «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ «КТК-Махаббат, көктем және мейіргер» атты байқау өткізілді. Жарыс 3 кезеңнен тұрды: «Сәлемдесу», «Үй тапсырмасы» және «Музыкалық байқау». Қатысушылар 4 топқа бөлінді. Көрсетілімдерді басшылықтан құралған қатаң әділ-қазылар алқасы бағалады. Ақ халаттағы қыздар адамдарға тек емделіп кетуге ғана көмектеспейді сонымен қатар талантты және әдемі болып та қала береді. Бұның бәрі олардыңби және вокалдық орындауларынан байқалды. Байқау соңында мейіргерлердің «VIP» командасы жеңіп шықты, екінші орынды «Витаминдер» командасы, ал үшінші орынды «Адреналин» командасы иеленді.

тiзiмге қайтару