Паркинсон ауруына қарсы тұруды үйренуде

жұма,  11  Апрель  2014

Паркинсон ауруына қарсы тұруды үйренуде 2014 жылдың 11 сәуірінде «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-да Паркинсон ауруымен дүниежүзілік күрес күніне арналған мейіргер ісі мамандарының конфренциясы өткізілді. Конференцияға осы аурумен ауыратын адамдар және өзінің жаны мен тәнін басқаруды үйренуді, сырқатқа қарсы тұруды талқылау үшін мейіргерлер шақырылды. «Рухы мықты адамдар ғана жеңіске жетеді» - бұл тұжырым осы кездесудің ұраны болып кетті. Конференцияда нейрохирург дәрігер Шыңғыс Шашкин және пост мейіргері Наргиз Усканбаева баяндама жасады. Медициналық қызметкерлердің 2/3 бөлігін мейіргерлер құрайтындығы бәріне аян, сондықтан кездесуде Паркинсон ауруының хирургиялық емі мен диагностикасының өзекті сұрақтары, сонымен қатар пациентке дұрыс күтім жасаужолдары талқыланды. Бүгінде мейіргерлермен орындалатын алдыңғы қатарлы технологиялар көп қаржыландырудан гөрі, шеберлік пен ептілікті және білімділікті қажет етеді. Сондықтан көтерілген бастамалар мынадай мәселелерді шешуге ықпал етуі қажет: әлеуметтік бағдарланғанмедициналық көмекті дамыту, медициналық ұйымның бастапқы звеносының қызметін жетілдіру, мейіргер ісі алгоритімін бірлесіп әзірлеу және бірыңғай хаттамалар мен қызмет стандарттарын бекіту.

тiзiмге қайтару