Ұлттық нейрохирургия орталығында латын тілінде жалпыхалықтық диктант жазу өткізілді.
сәрсенбі, 14 Ноябрь 2018
Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында латын тілінде жалпыхалықтық диктант жазу өтті. Аталған акция Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізілді. Аталған шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру. Латын тілінде жазылған алғашқы жалпыхалықтық диктантқа орталықтың 60-тан аса қызметкерлері белсене қатысты.
Көлемі 80-90 сөзден құралған диктанттың бекітілген мәтіні «Қазақ радиосы» радиостанциясының тікелей эфирінде аудиожазба арқылы таратылып берілді.







