Ұлттық нейрохирургия орталығында 29 қазанда инсультпен күресудің Дүниежүзілік күніне арналған «STOP Инсульт!» акциясы өтті.
дүйсенбі, 29 Октябрь 2018
Жыл сайын 29 қазанда Инсультпен күресудің Дүниежүзілік күні (World Stroke Day) аталып өтеді. Дәстүрдің шығу тарихы өзінің бастауын 2004 жылдан алады, сол кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (World Health Organization) инсультты жаһандық эпидемия деп жариялады, ал 2006 жылы Инсультпен күресу бойынша Халықаралық қоғамдастық пен Инсультпен күресудің Дүниежүзілік федерациясының (International Stroke Society and the World Stroke Federation) қолдауымен Инсультпен күресудің Дүниежүзілік ұйымы (World stroke organization) құрылды, оның құрамына әлемнің 85 елінің 3500-ден астам жеке мүшелері мен 60-тан астам ұйымы кірді.
Инсульт ауру-сырқаудың құрылымы, өлім-жітім және мүгедектіліктің жоғары деңгейі бойынша барлық әлемде көшбасшы позицияны алып тұр. Қазақстан үшін проблеманың ауқымын бағалау қиын, өйткені жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсультпен ауырады. Олардың жартысынан көбі мүгедек болып қалады, және олардың әрбіреуі бөгде адамдардың көмегінсіз өмір сүре алмайды. Инсульттың болуын ескерту мақсатында халық қауіптің факторларын сонымен қатар оның алдын алуды білуі және түсінулері керек. Инсульттың бірінші белгілерін және инсульттың бірінші нышандары басталған сәттен бастап 4,5 сағат ішіндегі «терапиялық терезе» кезеңіндегі мамандандырылған медициналық көмекті көрсету туралы білген абзал.
Ұлттық нейрохирургия орталығында 29 қазанда инсультпен күресудің Дүниежүзілік күніне арналған «STOP Инсульт!» акциясы өтті. Акция шеңберінде осы саладағы мамандар ашық дәрістер өткізді және осы ауру түрі жайлы, оның алғашқы және негізгі нышандары және инсультты болдырмау мүмкіндігі туралы айтып берді. Осыған ұқсас Инсультпен күресудің Дүниежүзілік күніне арналған кең көлемдегі іс-шаралар Инсульт проблемаларын үйлестірудің республикалық орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Осылайша, мамандар халық үшін қоғамдық орындарда, медициналық ұйымдарда «ашық терезе күндерін» инсульттың алдын-алу мақсатында, уақытылы медициналық көмекті алу маңыздылығы туралы және де егерде осы аурумен ауырған кезде әрі қарай қалай өмір сүру керектігі жайлы дәрістер ұйымдастырды.
Барлық оқырмандарға денсаулық тілейміз және өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар дегіміз келеді.







