Елорда Жұлдызы» құрмет марапаты «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ–на берілді

сәрсенбі,  12  Декабрь  2018

   «Елорда Жұлдызы» құрмет марапаты «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ–на берілді.

   «Елорда жұлдызы» сыйлығының бірінші марапатының ресми салтанаты астананы ауыстыру күніне арналды. Аталған сыйлықпен еліміздің бас қаласының дамуына және оның Қазақстаннан басқа тыс жерлерде атын шығарып жүрген ұйымдары мен атақты қала тұрғындары марапатталады.
    «Елорда Жұлдызы» сыйлығы бірінші рет осы жылы астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру күніне арналып бекітілді.
    Ұлттық нейрохирургия орталығы Астана қаласының дамуы мен гүлденуіне үлкен үлес қосқаны үшін осы марапатқа лайықты болды.
    «Елорда Жұлдызы» сыйлығымен бірінші рет марапаттау салтанаты «Астана» концерттік залында өтті. Статуэтка түріндегі құрметті марапатты 10 лауреат олардың арасында: Ұлттық нейрохирургия орталығы, «Астана балет» театры, «Астана Опера» және Назарбаев университеті, «Астана» футбол клубы, «Спарта-Номад Астана» КТК командасы және т.б.алды.
    Қонақтар үшін кеш бойы отандық эстрада жұлдыздары, сонымен қатар лауреаттардың өздері өнер көрсетті.
    Осы жылдан бастап аталған сыйлық жыл сайын берілетін болады.


тiзiмге қайтару