«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні және Жаңа 2019 жылды мерекелеуге байланысты салтанатты іс-шара өтті.

жұма,  28  Декабрь  2018

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні және Жаңа 2019 жылды мерекелеуге байланысты салтанатты іс-шара өтті.
Құрметті қонақтардың қатарында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Владимр Редкокашин және ҚР мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров, Астана қаласы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Бахытжан Тәжібай және т.б. болды.
Салтанатты іс-шара барысында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Ақшолақов және Орталықтың қызметкерлері Мейіргер ісі жөніндегі директор Алтын Жұмабаеваны Қазақстан Республикасы Президентінің «Шапағат» медалін алуымен құттықтады.
Сондай-ақ «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен Операциялық бөлімшенің мейіргері Наталья Дмитриева, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен Госпитальдік фармация бөлімшесінің меңгерушісі Айгүл Төлепбергенова, ҚР ДСМ құрмет грамотасымен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау секторының бас маманы Галина Зацепилова марапатталды, ҚР ДСМ алғыс хаты Шаруашылық қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Дмитрий Зверинскийге жарияланды.
Сонымен қатар, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Орталықтың келесі қызметкерлеріне мынадай атақтар берілді: «2018 жылдың үздік бөлімшесі» -Трансфузиология бөлімшесі, «2018 жылдың үздік дәрігері»- Тамырлы және функционалды диагностика бөлімшесінің нейрохирург дәрігері – Еркін Медетов, «2018 жылдың үздік мейіргері – Орталық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің мейіргері –Жәнібек Абдикаримов, «2018 жылдың үздік шарка бикесі - Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің шаруа бикесі – Асель Жалмаганбетова, «2018 жылдың үздік маманы» -Білім беру бөлімінің бас маманы - Раушан Қазтаева. Бұдан басқа 2018 жылдың қорытындысы бойынша Орталықтың үздік қызметкерлері деп танылған 11 адам құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Астана қаласының Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Бахытжан Тәжібай « Кәсіподақ комитетінің Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағындағы айрықша еңбегі үшін» төс белгісімен Ұлттық нейрохирургия орталығының Медициналық директоры Талғат Тұрарұлы Пазылбековты және үш қызметкерді құрмет грамоталарымен марапаттады.
Салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.


тiзiмге қайтару