Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрі Елжан Біртановтың қатысуымен Ұлттық нейрохирургия орталығының Директорлар кеңесінің жаңа құрамын таныстыру бойынша отырыс болды.
жұма, 1 Февраль 2019

Қазақстан Респбуликасы Денсаулық сақтау Министрінің бұйрығына сәйкес 3 жыл өкілеттік мерзімге орталықтың Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды:
1) Бахыт Хакимович Ташенов– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы;
2) Муратали Базарбаевич Серикбаев– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жобаларды басқару департаментінің директоры;
3) Мажит Зейнуллович Шайдаров– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі;
4) Серик Куандыкович Акшулаков– Қоғамның Басқарма Төрағасы;
5) Александр Александрович Потапов– тәуелсіз директор;
6) Кылышбек Сатылганович Избасханов– тәуелсіз директор;
7) Айгерим Кенжебаевна Есенгалиева– тәуелсіз директор.
Сондай-ақ, Орталықтың Директорлар кеңесінің шешімімен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Мажит Зейнуллович Шайдаров сайланды.