Операциялық мейіргерлердің халықаралық күні
жұма, 15 Февраль 2019
Жыл сайын 15 ақпанда операциялық іс саласының мамандары өздерінің кәсіби мерекесін тойлайды. Бұл күн 2009 жылы Операциялық мейіргерлердің Еуропалық ассоциациясымен белгіленген болатын, бұл күні мейіргер ісінің жоғары санатты мамандары – операциялық мейіргерлер өз атына құттықтаулар қабылдайды.
Ұлттық нейрохирургия орталығы мамандандырылған хирургиялық емдеу мекемесі болып табылады және операциялық бөлімше біздің Орталықтың жүрегі іспеттес, бұл бөлімше нейрохирург дәрігерлер мен операциялық блоктың барлық қызмет барысы арасын жалғап жатқан негіз ретінде саналады.
Операциялық мейіргердің қызметі кез-келген мейіргер шыдай бермейтін, сол іске тән қиындықтар мен сынақтардан тұрады, сондықтан мейіргердің барлығы операциялық мейіргер бола алмайды.
Құрметті әріптестер! Операциялық мейіргер күнімен құттықтауға толы ақ ниетімізді қабыл алыңыздар!
Шын жүректен Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Барлықтарыңызға табандылық пен қажырлықты талап ететін, адамдарға денсаулық, қуаныш және үміт сыйлайтын ерен еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз!
Сіздерге өз ісіңіздің міндеттері мен мақсаттарын орындау жолында талмас қанат, кәсіби шеберлік, сәттілік, сонымен қатар міндетті түрде зор денсаулық тілейміз! Отбасыларыңызға амандық, бақыт тілейміз!







