Ұлттық нейрохирургия орталығында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
бейсенбі, 7 Март 2019
Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Әдеттегідей нәзік жандыларды дәстүрлі түрде Ұлттық нейрохирургия орталығының Басқарма Төрағасы Серік Қуандықұлы Акшулаков құттықтады.
Әсем жандардың құрметіне ең жылы құттықтаулар мен ақ тілектер жолданды. Орталықтың ер азаматтарымен дайындалған жарқын концерттік бағдарлама осы мерекеге қатысқан барлық қонақтарға ерекше мерекелік көктемгі көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Аяулы жандарымызды көктем мен сұлулық мерекесімен құттықтаймыз!







