11 сәуірде Паркинсон ауруымен дүниежүзілік күрес күні

бейсенбі,  11  Апрель  2019

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бастамасымен 11 сәуірде Паркинсон ауруымен дүниежүзілік күрес күні (World Parkinson's Day) жыл сайын аталып өтіледі. Бұл күн ауру туралы қоғамның ақпараттандырылуын арттыруға, науқастарға және олардың отбасыларына қолдау көрсету, сонымен қатар сырқаттан арылуға өз үлесін қосуға шақырады.
    Осы атаулы күн аясында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ 2019 жылғы 10-11 сәуір аралығында Паркинсон ауруымен ауыратын және қимыл-қозғалыс бұзылыстары бар пациенттер үшін неврологтардың тегін консультацияларын өткізеді. Қабылдауды қимыл-қозғалыс бұзылыстарын, Паркинсон ауруын және басқа да дегенеративті ауруларды диагностикалау мен емдеуге маманданған Орталықтың неврологтары жүргізеді.
     2014 жылы Ұлттық нейрохирургия орталығында Бақытгүл Таукенқызына миды терең стимуляциялау бойынша операция жасалды. Осымен бесінші жыл осы әйел көлемі ұялы телефон сияқты кішкентай құрылғымен өмір сүріп келеді, аталған құрылғы пациенттің өзін қалай сезінуіне байланысты бір бағдарламадан екінші бағдарламаға ауыстыруға мүмкіндік береді. Әйелдің айтуы бойынша құрылғы оның өмір сүру сапасын жақсартқан және оның қимыл-қозғалысының үйлесімін бақылап отыруға, өзгенің көмегінсіз өздігінен жүріп-тұруға мүмкіндік береді.
Бүгін осы әйел Ұлттық нейрохирургия орталығына бұдан әрі де толыққанды адам ретінде өмір сүру үшін аталған құрылғының батереясын ауыстыруға тағы келді.
     Әлемдік статистикаға сүйенсек, бүгінгі күні Қазақстанда Паркинсон ауруынан зардап шегетіндер саны 20 мыңнан астам, қазіргі таңда бұл науқастардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік туындады. 2013 жылдан бастап «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ аталған патологияны емдеудің нейрохирургиялық әдістерін - миды терең нейростимуляциялау және паллидотомия мен таламотомия сияқты аблятивтік араласулар жүргізу әдісін енгізді және сәтті қолдануда. Бүгінгі күнге дейін Ұлттық нейрохирургия орталығында Паркинсон ауруы бойынша шамамен 300-ден аса хирургиялық араласулар жасалды.



тiзiмге қайтару