Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері Нұр-Сұлтан қаласында 18 жастағы жігітті аяққа тұрғызды
жұма, 19 Апрель 2019
Жас жігіт өткен жылдың сәуір айында Анталия қаласындағы (Түркия) университеттік клиникаға медициналық көмек алуға жүгінді, онда пациентте жұлынның қысылуымен 12-ші кеуде омыртқаның ісігі анықталды. Бірақ жігітке 12-ші кеуде омыртқасының доғасын алып тастау, 11-ші кеуде және 1-ші бел омыртқалары аралығын транспедикулярлық бекіту операциясы жасалған. Операция ақылы негізде жасалған, Түркияда ем қабылдау 2 айдан артық уақытты алды, ол үшін пациент шамамен 70 мың АҚШ долларын жұмсаған. Өкінішке орай, алынған медициналық көмектен ешқандай нәтиже болмады.
Осылайша ағымдағы жылдың сәуір айында Ұлттық нейрохирургия орталығында диагностика жүргізу барысында пациентте омыртқа металл құрастырылымың қауқарсыздығы, оны денеге қабылдамау және операциядан кейінгі жарақаттың іріңдеуі анықталды. Бұған қоса омыртқа ісігі алынбаған, жұлынның қысылуы сол қалпында сақталған.
Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің дәрігер нейрохирургтары пациенттегі абсцесспен (іріңдеген аумақтар) бірге металл құрастырылымды алып тастады, жұлынның қысылуын болдырмаумен бірге омыртқа ісігін микрохирургиялық жолмен алып тастау (оны зақымдауды болдырмауға мүмкіндік беретін интраоперациялық нейромониторингті қолданумен) және омыртқаның зақымданған денесін нығайту мен омыртқа ісігіне цитотоксиялық әсер ету мақсатында жасалатын 12-ші кеуде омыртқасының денесін сүйек цементімен вертебропластикалау жасалды.
Операция сәтті аяқталды. Пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Бүгінгі күні жігіт өздігінен жүріп-тұра алады.
Операцияны Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ЖҒҰА академигі, 25 жылдан астам тәжірибелік еңбек өтілі бар Керимбаев Талғат Тынышбайұлы мен біліктілігі жоғары санатты дәрігер нейрохирург Абишев Нұржан Берікұлы жасады.
Осындай күрделі операциялардың сәтті аяқталуына заманауи диагностикалық және операциялық құрал-жабдықпен жабдықталған (интраоперациялық эндоскоп, микроскоп, нейромониторинг, нейронавигация, электрондық-оптикалық түрлендірушілер, микрохирургиялық инструментария және басқалар), жоғары мамандандырылған мамандары бар, сонымен қатар олардың арасындағы үйлесімді жұмыс жасалатын жоғарымамандандырылған орталықтарда ғана қол жеткізу мүмкін екендігін атап өткен маңызды. Бұған қоса, хирургиялық араласу тәсілін дұрыс таңдау да үлкен маңызға ие.
Ұлттық нейрохирургия орталығында жоғарғы технологиялардың қолданылуымен осындай операцияларды жасау бүгінгі таңда үйреншікті құбылысқа айналды. Күн сайын күрделілік деңгейі әртүрлі 20-25 операция жасалады. Шындығында осы операциялардың барлығы бірегей және бізге отандық медицинадағы қол жеткізген жетістігімізді мақтан тұтсақ артық болмайды.







