Ұлттық нейрохирургия орталығында Ақтөбе қаласының 38 жасар тұрғынына мидың ішіндегі ісікті алып тастау бойынша күрделі операция сәтті жасалды

дүйсенбі,  25  Март  2019

   Ақтөбе қаласынан келген ер адам астаналық орталықтың Орталық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесіне қаралды. Орталыққа жатқызылу кезінде ер адам қатты бас ауруларына, бас айналуға, құрысуға, естің бұзылуына және жағдайының жалпы әлсіздігіне шағымданды. Қаралғаннан кейін пациентке орталық жағдайында операциялық емдеу ұсынылды.

   Нәтижесінде Орталықтың Орталық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің дәрігерлерімен қозғалыс зонасының барлық функцияларын және миды зақымдап алу қаупі бар зонаны бақылауға мүмкіндік беретін нейромониторингті қолданумен мидағы ісікті алып тастау бойынша бірегей операция жасалынды. Сондай-ақ, операция кезінде нейронавигация қолданылды, ол ісіктің шегі мен орналасуын анықтайды, өйткені ісік пен мидың шекарасы әрқашан анық бола бермейді. Операция сәтті өтті. Пациент өзін жайлы сезінуде және жақын арада шығарылуға дайындалуда.

    Операцияны 20 жылдан астам практикалық тәжірибесі бар, өз саласының мамандары жасады, атап айтсақ: нейрохирург дәрігер, Орталық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты –Нұржан Әмірбекұлы Рыскелдиев және нейрохирург дәрігер Мұратбек Әбдіғалиұлы Тілеубергенов.

    Осындай күрделі операциялардың сәтті өтуі тек қана жоғары мамандандырылған орталықтарда заманауи диагностикалық және операциялық жабдықтармен (интраоперациялық эндоскоп, микроскоп, нейромониторинг, нейронавигация, электронды-оптикалық түрлендіргіш, микрохирургиялық аспаптар және т.б.), жоғары білікті мамандардың болуымен, сонымен қатар олардың арасындағы жұмыстың реттелгендігі арқылы іске асырылады.

    Ұлттық нейрохирургия орталығында ұқсас операцияларды жоғары технологияларды қолданумен жасау үйреншікті құбылысқа айналды.   Күн сайын күрделілік деңгейі әртүрлі 20-25 операциялар жасалынады. Шындығында, бұл операциялардың барлығы бірегей және біз отандық медицинада алға ұмтылуымызды мақтан тұтуымыз қажет, өйткені енді бізге көршілес елдерден ем алуға келуде.


тiзiмге қайтару