Нұр-Сұлтан қаласында үздік нейрохирургтар Көкшетау қаласынан келген педагогқа бірегей операция жасады

жұма,  26  Апрель  2019

Көкшетау қаласының орта мектептерінің бірінің мұғалімі, қазір құрмет демалысына шыққан Галина Экстердің ауру тарихы 2018 жылы әдеттегі бас ауруынан басталды. Уақыт өте келе әйел өз денсаулығының нашарлағандығын байқай бастады, көздің нашар көруі, сұлбалардың қосарлануы, артериялық қысымның жиі жоғарылауына шағымдана бастады. Туыстарының талабымен МРТ жасатады, онда мидың діңгегінде ісік - хордома анықталды.
«Хордома – бұл қатерлі және сирек кездесетін ауру, 1 000 000 адамға жылына кездесу ықтималдығы 1-3 жағдайда орын алады. Мидың діңгегіндегі ісік айтарлықтай сирек кездесетін, мидың барлық ісіктерінің шамамен 3 %-да кездеседі. Орталық қызмет атқарған жылдардан бері мұндай жағдайлар шамамен 30 шақты болды. Пациентке ми діңгегіне өскен хордома еңісін алып тастау бойынша трансназальды операция жасалды. Операция айтарлықтай күрделі, себебі ісік жүректің соғуына, тыныс алуға, көруге, естуге жауап беретін барлық өмірлік маңызды орталықтар орналасқан ми діңгегіне жанаса орналасқан еді. Біз ми діңгегінің қалыпты тініне тиіп кетпей, ісік пен ми діңгегі арасындағы сол шекараны таба білдік, соны бағытқа ала отырып тек патологиялық тінді алып тастадық. Егер де шамалы қателік жіберсек, операция үстелінде кенеттен орны толмас жағдай орын алар еді», - деп, түсінік берді Орталық жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің дәрігер нейрохирургі, медицина ғылымдарының кандидаты Тельтаев Данияр Керімқұлұлы.
Операцияны Орталық жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің дәрігер нейрохирургтары Тельтаев Данияр и Мустафин Халит жасады. Операция 4 сағатқа созылды және сәтті аяқталды. Операция кезінде мидағы ісікті кіші инвазиялық жолмен алып тастауға мүмкіндік беретін эндоскопиялық құрал-жабдық қолданылды, құрал-жабдық операция жасау алаңын жақсы көруге мүмкіндік береді және операция кезінде асқынудың даму қауіпін төмендетеді. Операциядан бір күн өткен соң пациент өз аяғына тұрды, оның барлық есту, сезу және қимыл-қозғалыс атқарымдары сақталған.
Әйел көзіне жас ала отырып, баяндап берді: «Астаналық нейрохирургия орталығына қаралмастан бұрын біз Германия клиникаларының біріне қаралуға өтініш білдірдік, алайда Германиядағы дәрігерлер бізді қабылдауға асықпады, кейіннен операцияның күрделігі мен операция кезіндегі асқынуларды алға тарта отырып, бізден мүлдем бас тартты. Ал, бұл жерде мені квота бойынша операцияға бірнеше күнде алды. Мен нейрохирургия орталығының дәрігерлеріне үлкен ризашылығымды білдіремін. Бұл жерде бүкіл ұжым жұмылған жұдырықтай жұмыс жасайды. Орталықта белсенді, жас, талантты алтын қолды мамандар жұмыс істейді. Операция жасаған хирургтарға, дәрігер анестезиологтарға, мейірлерге, кіші персоналға басымды ие отырып, шын жүректен шыққан алғыс сөздерімді айтқым келеді. Қайта өмір сүру бақытын сыйлап, осы дерттен құтылуға көмектескендеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін!».
Жыл сайын Нейрохирургия орталығында үш мыңнан аса операция жасалады. Орталық Қазақстанның барлық өңірлерінен, сонымен қатар Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты таяу шетелдерден пациенттерді қабылдайды.


тiзiмге қайтару