Нейрохирургия орталығының дәрігерлері сал болып қалған Атырау қаласының қызын аяғына тұрғызды

дүйсенбі,  6  Май  2019

   Астаналық нейрохирургия орталығының дәрігерлері сал болып қалған Атырау қаласының қызына жұлындағы ісіктерді алып тастау бойынша операция жасады және тура айтқанда оны аяғына тұрғызды. 25 жастағы Әйгерім қайтадан өздігінен жүре алу мүмкіндігіне ие болды.
   Әйгерімнің сөзінен байқағанымыз, ол бұрын денсаулығына мүлдем шағымданбаған және өзін әрқашан жақсы сезінетін. Бірақ ағымдағы жылғы ақпан айынан бастап кеуде және бел бөліктерінде сыздаған ауырсынуларды сезіне бастады. Біршама уақыттан кейін бұл ауырсынулар аяқтары мен оң қолына ауысты, ал бір айдан кейін қыз бала мүлдем жүруді тоқтатты және аяқтарын сезбеді. Мінезі ақжарқын және белсенді өмір сүретін Әйгерім сал болып төсекке байланып қалды.
   Қызға диагностика жасалғаннан кейін Атырау қаласының дәрігерлері күрделі операция жасау керектігі туралы айтты. Аталған операция нейрохирург дәрігерлердің жоғары біліктілігі мен арнайы жабдықтарды талап етеді, ал бұған Ұлттық нейрохирургия орталығы толық көлемде жабдықталған.
   Осы жағдай бойынша Жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, "ҰНО" АҚ профессоры, ҚР ЖҒҰА академигі Талғат Керімбаевтың басшылығымен дәрігерлер консилиумы өткізілді, пациентті емдеу тәсілі анықталды.
   Жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің дәрігерлерімен омыртқаның кеуде бөлігінің жоғары жағында жұлынның ісіктерін алып тастау бойынша операция жасалды. Операцияны 20 жылдық тәжірибесі бар нейрохирург, медицина ғылымдарының кандидаты-Ермек Урунбаев және нейрохирург дәрігер – Мейіржан Ошаев жүргізді. Операция 3 сағатқа созылып, сәтті өтті. Операция кезінде нейромониторинг сияқты заманауи операциялық жабдық қолданылды, ол жүйке жүйесінің түрлі бөліктерін және оның өткізгіш жолдарын бақылауға мүмкіндік береді, осылайша неврологиялық асқынулардың ықтималдығы төмендейді.
   Операциядан кейін алғашқы тәуліктерде қыз баланың жағдайы жақсарып күш, аяқ-қолдарында қозғалыс пайда болды, ал 3 күннен кейін қыз бала аяққа тұрып, өз бетімен жүре алды.
    Әйгерім болған оқиғаны күлімсіреп еске алады: "Мен өте қуаныштымын және қазір өзім тұрып, жүре аламын. Өйткені, мен осында келген кезде мүлдем қозғала алмадым, тіпті саусақтарымды да қозғалта алмадым. Шынымды айтсам, төсекте жатқанымда мен мәңгілікке сал болып қаламын деп қорықтым, өйткені, мен әлі жас емеспін, менің болашаққа көп жоспарларым бар. Мен үшін елімізде барлығы жоғары деңгейде салынған клиника барлығы мақтаныш. Мен дәрігерлерге өте ризамын, олар маған жаңа өмір сыйлады, оларға үлкен рахмет!".
    Жыл сайын нейрохирургия орталығында үш мыңнан астам операция жасалады. Орталық Қазақстанның барлық аймақтарынан, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты жақын шетелдерден емделушілерді қабылдайды.


тiзiмге қайтару