Бүгін Рамазан айының алғашқы күні «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Кәсіподақ комитеті орталықта жұмыс істейтін көп балалы және жалғыз басты аналарға жағымды жаңалық, тосын сый дайындады.

дүйсенбі,  6  Май  2019

    Бүгін Рамазан айының алғашқы күні «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Кәсіподақ комитеті орталықта жұмыс істейтін көп балалы және жалғыз басты аналарға жағымды жаңалық, тосын сый дайындады. Көп балалы және жалғыз басты аналар орталықта 70 шақты. Оларға «Magnum» бөлшек-сауда желісінен 15 000 және 10 000 мың теңгеге қажетті тауарларды сатып алу үшін сыйлық сертификаттары табысталды.  Кәсіподақ комитетінің төрағасы Жанат Такенов Рамазан айының басталуымен құттықтап, барлық отбасыларға амандық пен табыс тіледі. Өз кезегінде аяулы аналар да оларға көңіл бөлгендері және қамқорлық танытқандар үшін алғыстарын білдірді.


тiзiмге қайтару