Мамырдың 24 -25 аралығында Штутгарт қаласы «Katharinenhospital» клиникасының медициналық директоры, профессор Ханс Хенкестің (Германия) қатысуымен шебер-класс өткізілді

дүйсенбі,  27  Май  2019

     Ұлттық нейрохирургия орталығының қабырғасында ағымдағы жылғы мамырдың 24 -25 аралығында Штутгарт қаласы «Katharinenhospital» клиникасының медициналық директоры, профессор Ханс Хенкестің (Германия) қатысуымен шебер-класс өткізілді.
       Аталған шебер-класқа 30-дан аса адам қатысты, олар Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің дәрігерлері, сонымен қатар еліміздің түрлі өңірінен келген дәрігер-нейрохирургтар.
       Шебер –класс барысында дәрігерлер мидың тамырлы патологияларын емдеуге арналған жаңа құралдарды игерді. Профессор Ханс Хенкес цереброваскулярлық патологияларды емдеудің қазіргі заманғы әдіс тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ дәрігерлер өздерінің тәжірибелік дағдыларын арнайы симуляторларда жетілдірді.
        Бұдан өзге, тамырлы нейрохирургиядағы кіші – инвазиялық технологиялар бойынша шебер-класс аясында Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері неміс әріптесімен бірге бірінші кезекте осындай медициналық көмекке мұқтаж еліміздің әртүрлі аймағынан келген пациенттерге операция жасады.


тiзiмге қайтару