Нейрохирургия орталығының ұжымы Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады

дүйсенбі,  7  Декабрь  2015

Бүгін «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ ұжымының жиналысында  ҚР Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауының білім беру, денсаулық сақтау, қазақстандық патриотизмге қатысты бөлімдері  талқыланды. 
Президент Н.Ә. Назарбаев жаңа Жолдауда қазақстандық қоғам дамуының жаңа кезеңінің стратегиялық басымдықтарын, мемлекетті одан арғы нығайту, оның қауіпсіздігі мен азаматтарының әл-ауқатын арттыру бойынша шаралар кешенін айқындады. Жолдауды түсіндіру мақсатында Іс жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы  Ельмира Абылхасанова сөз алды. Ол Жолдауда қозғалған ең маңызды сұрақ «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы екендігін атап өтті.
Республикада соңғы 25 жылда жүргізілген ауқымды реформалар туралы айта келе, ҰНО ұжымы көпұлтты және поликонфессиялық қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің сақталуы, еліміздің экономикалық және саяси тұрақтылығы, өңірлік қауіпсіздік саласындағы Қазақстанның жетістіктеріне баса мән берді. 
Ұлт Көшбасшысының лайықты болашақты құру жөніндегі үндеуіне ұжым тың серпінмен жігерлі қолдау танытты. 


тiзiмге қайтару