«Инсульт мектебі» атты ғылыми-практикалық конференциясы
жұма, 21 Июнь 2019
Құрметті әріптестер!
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы 2019 жылдың 18-19 шілдесінде Халықаралық қатысумен «Инсульт мектебі» және Қазақстандағы «Жастар жылын» қолдау шеңберінде «Жас невролог мектебі» ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.
Ғылыми-практикалық конференция бағдарламасына жоспарланды:
- неврология, нейрохирургия, реабилитация, реаниматология саласындағы отандық және шетелдік мамандардың дәрістері және шеберлік- кластарға қатысу;
-«Жас невролог» байқауын бірінші рет өткізу;
- «Үздік инсульт орталығы» жыл сайынғы байқауын өткізу;
- Халықаралық сарапшылардың қатысуымен ҚР инсульт қызметі мамандарының 4-ші жыл сайынғы дөңгелек үстелі және ҚР аймақтарындағы тәжірибелік және жалпы денсаулық сақтаудың күрделі мәселелерін талқылау (19 шілде);
-ҚР реабилитологтардың 2-ші жыл сайынғы дөңгелек үстелін өткізу (18 шілде);
Конференцияның бағдаламасы әдеттегідей қызықты және қарқынды. Қатысуға неврологтар, нейрохирургтар, реабилитологтар, реаниматологтар, терапевттер, кардиологтар, логопедтер және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады. Қатысу тегін!
Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қ, Тұран даңғ 34/1, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ, «Астана» конференц-залы, 2 қабат.
Анықтама бойынша телефондар: 8 7172 62-11-67.







