"ҰНО" АҚ Орталық жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесі мейіргер ісі мамандарына конференция ұйымдастырды
жұма, 21 Июнь 2019
Бүгін, 21 маусымда "ҰНО" АҚ Орталық жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесі мейіргер ісі мамандарына конференция ұйымдастырды. Іс-шара үш негізгі тақырып бойынша өтті: "Ми анатомиясы", "Жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын пациенттердің психологиялық аспектілері" және "Орталық жүйке жүйесі патологиясының әртүрлі бейіндегі пациенттермен медицина қызметкерлерінің қарым-қатынас ерекшеліктері".
Конференцияны "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ-ның Мейіргері ісі жөніндегі директоры Алтын Зурашқызы Жұмабаева ашты.
Содан кейін қатысушылардың баяндамалары оқылды. Баяндаманы мейіргерлер Ибраева Маржан және Маткерова Анар оқыды, сондай-ақ нейрохирургия орталығының психологы баяндама жасады.
Конференцияға Ұлттық нейрохирургия орталығының басшылығы қатысып, конференция соңында орталықтың медицина қызметкерлерінің білім деңгейіне жоғары баға берді.







