Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығының қабырғасында дөңгелек үстел өтті

жұма,  21  Июнь  2019

  Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығының қабырғасында ҚР нейрохирургиялық қызметін қаржыландыру, тариф белгілеу және сатып алу мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесу "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма Төрағасы А. Н. Жұмағұловтың басшылығымен өтті.

    Сонымен қатар, Қарағанды облыстық ДСБ «профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы "Облыстық травматология және ортопедия орталығы" КМК, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 қалалық ауруханасы» ШЖҚ МҚК, сонымен қатар, ДСДРО» ШЖҚ РМК, «РЭДО» ШЖҚ РМК сияқты ұйымдардың өкілдері нейрохирургиялық қызметтің өзекті мәселелерін талқылауға қатысты.

   Талқылау барысында ТМККК қаражатын бөлу, күрделі көп кезеңді операцияларды қаржыландыруды арттыру және қозғалыс және сөйлеу функцияларын қалпына келтіру үшін ауыр науқастарды нейроңалту қажеттілігі мәселелері айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныстар енгізу және одан әрі талқылап, мәселелерді терең талдау және зерттеу қажеттілігі туралы шешім қабылданды.


тiзiмге қайтару